
Аталған медицина ұйымы толығымен заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Айта кетерлігі, жаңадан ашылған бөлімшеге қарасты перзентханада зертханалық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Қабылдау бөлімінде шұғыл шақырылым жүйесі орнатылған. Бұл бойынша науқасқа қажет болған мамандар жедел шара қабылдауға мүмкіндігі жетерлік. Мәселен, 2018 жылы бұл перзентханада – 3 500-ден астам ана нәрестелі болып, бала туу көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 751-ге артқан.