
Жүлде қоры 757 900 АҚШ долларын құраған жарыстың алғашқы айналымында ол әлемдік рейтингте 181 орында тұрған Чехия теннисшісі Тереза Мартицовамен шеберлік байқасты. Ал үздіктер тізімінде Юлия Путинцева 41 сатыға жайғасқанын ескерсек, жерлесіміз бұл бәсекенің фавориті екені даусыз еді. Алайда жерлесіміз бұл додаға даяр болмай шықты. 2 сағат 16 минутке созылған сайыс 4:6, 6:2, 6:2 есебімен чехиялық теннисшінің пайдасына шешілді.
Нева жағлауындағы жарыстың екінші кезеңіне чехиялық Петра Квитова, беларуссиялық Виктория Азаренко, литвалық Елена Остапенко, германиялық Юлия Гергес, ресейлік Мария Шарапова мен Вера Звонарева, хорватиялық Донна Векич және голландиялық Кики Берненс сынды танымал ойыншылар жолдама алып отыр.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»