
9 метр тереңдіктен қазып алынған мәйіттер елдің орталық бөлігіндегі Миния провинциясы маңындағы Туна әл-Габал ауданынан табылған.
Бірқатар мумиялар матаға оралса, енді бірі саркофагтарға жатқызылған. Сондай-ақ қазба барысында керамикадан жасалған ежелгі әшекейлер табылған.
Археологтар мәйіттердің Египет тарихындағы грек-рим дәуіріне (б.д.д. 305-330) сәйкес келетіндігін айтады. Олардың пікірінше, табылған әшекей бұйымдар жоғары лауазымды адамдарға және олардың отбасына тиесілі болуы мүмкін. Бұл – египеттік археологтардың 2019 жылы тапқан алғашқы қазбасы.
Салтанат ШЫНӘДІЛ