Теннис • Бүгін, 14:59

Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ең үздік теннисшісі, әлемнің 11-ракетасы Александр Бублик Мюнхенде шымылдығы түрілген ATP-500 турнирінде жеңілістің кермек дәмін татты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды

Тұсаукесер кездесуінде отандасымыз ойда-жоқта АТР рейтингінде 166-орынға тұрақтаған словакиялық Алексом Молчаномнан ұтылды. Небәрі 1 сағат 5 минутқа созылған сайыс 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады

Бұл жарыстың жүлде қоры 2 561 110 еуроны құрайды.

Ал әйелдер арасындағы үздігіміз Елена Рыбакина Штутгардтағы доданы екінші кезеңнен бастайды. WTA тізімінде екінші орында тұрған отандасымыз ресейлік Диана Шнайдермен шеберлік байқасады.  

Соңғы жаңалықтар