Әлем • 05 Ақпан, 2019

Гамбургте Қазақстан экономикасы күні өтті

592 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Германияның ең ірі портты қаласында Жібек жолы неміс бастамасы Федералды кеңесінің (BVDSI) ұйымдастырушылық қолдауымен Гамбург Сауда палатасы және Германиядағы Қазақстан Елшілігі бірлесіп, «Қазақстан экономикасының күні» және «Жаңа Жібек жолы: Қазақстан басты экономикалық кеңістік ретінде» атты бизнес форум өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Гамбургте Қазақстан экономикасы күні өтті

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, BVDSI Президенті Ганс ван Хельдорф, ҚР-дың Гамбургтегі Құрметті консулы Йоханн Киллингер, сондай-ақ Германияның орта және шағын бизнес өкілдері қатысқан іс-шарада подиумдық талқылау мен Қазақстанның Еуразия құрлығындағы интеграциялық процестер аясындағы экономикалық және логистикалық хаб ретіндегі маңыздылығы туралы қызу пікір алмасу орын алды.

Одан басқа, форум барысында «Азияның қазіргі заманғы саяси-экономикалық рөлі», «Қазақстан Ресей, Еуроодақ және Азия арасындағы экономикалық көпір ретінде», сондай-ақ «қазақстандық және қытайлық құрылыс мегажобалары» тақырыбында Цюрих қолданбалы ғылым университетінің профессоры Карл Пильный, SOLVECON INVEST консалтингтік компаниясының бас сарапшысы Фолькер Хельмайер және атақты неміс сәулетшісі Вольквин Марг баяндама жасады. «КТЖ Экспресс» ұлттық компаниясының өкілі Ален Джангозин жиналғандарды мысал ретінде «Белдеу және жол» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан әйнек зауытының құрылысы жобасымен таныстырды.

Қазақстан мен Жібек жолы бойында орналасқан барлық мемлекеттер арасындағы экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік және логистикалық ынтымақтастықты арттыру келешегі, сондай-ақ еліміздің Еуроодақпен өзара қарым-қатынасын одан ары нығайту талқылаудың арқауы болды.

Гамбургтегі форум аясында  Б.Нүсіповтің Еуропадағы аса ірі мыс өндіруші «Aurubis AG» компаниясының Басқарма төрағасы Юрген Шахлермен және вице-президенті Кристоф Конигпен, «BUSS Group» логистикалық компания басшылығы, «Deutsche Bahn» ірі теміржол операторы, сондай-ақ Германияның шағын және орта бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті. Кездесулер қорытындысы бойынша тараптардың нақты жобаларға оңтайлы түрде жетелейтін инвестициялық және көліктік-логистикалық ынтымақтастықты жандандыруға қатысты өзара ұмтылысы расталды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15