Спорт • 01 Сәуір, 2019

Таэквондо: Жерлестеріміз жеті жүлдемен оралды

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Гамбург қаласында таэквондодан «German Оpen G1» халықаралық турнирі аяқталды.

Таэквондо: Жерлестеріміз жеті жүлдемен оралды

Неміс жерінде табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы жеті жүлдеге иелік етті. Атап айтсақ, 74 кило салмақ дәрежесінде Әбдісамат Леске тең келер ешкім табылмады. Финалда ресейлік спортшыдан басым түскен ол бас жүлдені иеленді. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен Нұрсұлтан Мамаев пен Қожахмет Нұрқанат үшінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ, Самат Темірхан мен Сапарғали Әбдірашев (54 кило), Елдос Ысқақ (58 кило) және Жансел Дениз (73 кило) қола медальді иеленді.

Айтулы жарыста 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпайлар таратылатынын естеріңізге сала кетейік. Алдағы уақытта отандық таэквондошылар тағы бірқатар халықаралық додаларға қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше