Спорт • 02 Сәуір, 2019

Шайбалы хоккей: Жерлестеріміз әлем чемпионатына даярлануда

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден бірінші дивизиондағы А тобындағы командалар арасында әлем чемпионаты өтетіні белгілі.

Шайбалы хоккей: Жерлестеріміз әлем чемпионатына даярлануда

Осы жарыста жерлестерімізден бөлек, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения және Литва құрамалары күш сынасады. Дүбірлі додаға тыңғылықты даярлану мақсатында біздің жігіттер қазіргі кезде «Барыс-Аренада» бас қосып, оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Скабелка бұл жиынға төменде есімдері аталған хоккейшілерді шақыртты:

Қақпашылар – Сергей Кудрявцев, Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарқа») және Валерий Севидов («Алматы»).

Қорғаушылар – Даррен Диц, Самат Данияр, Данияр Ыбырайбеков, Александр Липин, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Кирилл Полохов, Максим Семенов  («Барыс»), Иван Степаненко, Дмитрий Степанов («Бейбарыс»), Леонид Метальников («Сарыарқа»), Никита Клещенко («Номад») және Артемий Лакиза («Номад»).

Шабуылшылар – Павел Акользин, Әлихан Әсетов, ,Брэндон Боченски, Дастин Бойд, Дмитрий Гренц , Дмитрий Гурков , Никита Михайлис , Дмитрий Шевченко , Егор Петухов, Антон Сагадеев («Барыс»), Нұрсұлтан Белгібаев, Максим Худяков («Алтай Торпедо»), Иван Кучин, Антон Некряч («Бейбарыс»), Аркадий Шестаков («Торпедо»), Ярослав Евдокимов («Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Максим Волков («Ертіс»), Рымарев Евгений («Торпедо») және Сен-Пьер Мартин («Кунь Лунь Редстар»)