Руханият • 26 Сәуір, 2019

Жастар театрының сәтті сапары

871 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Рух Алдаспан» қоғамдық бірлестігінің жанынан облыстық «EL_jastar» эксперименталды зертханалық жастар театры ашылды.

Жастар театрының сәтті сапары

Алғашқы қойылымымен-ақ көкшетаулық жас қауымды жалт қаратқан аталмыш театр­­дың әлден-ақ нық бас­қан аяқ алысы көңіл қуан­тар­лық. Таяуда Ақтөбе қала­сында өт­кен төртінші «Балауса» экс­­­пери­менталды қойы­лым­дар фестиваліне қаты­сып, ол­жалы оралды. Бұл өнер до­да­сында Өзбекстан, Ар­ме­ния, Қырғызстан, Татар­стан­­­ның кәсіби театрлары­ның ұжым­дары бақ сынас­қан. Көк­шетаулық жас театр ұжы­мы Айгиз Баймұ­хам­­бе­то­в­тің, Ангиза Иш­бул­дина­ның «Армандар кемесі» спек­таклін дайындап апар­ған болатын. Басты рөлді сом­да­ған­дарды да атай кеткен ләзім. Ілияс бейнесінде Жәнібек Ма­хам­­бетияр, Аружан Бегім­ді бей­н­елеген Маулида Нұр­ға­лиева, Фарид рөлін сом­да­ған Қуан Аманжол, Даян рөлін Қуаныш Жалғас ой­наған. Көркемдік жетекшісі әрі режиссері – Фар­хадбек Қанафин. 

– Өнер байқауы өте тартыс­ты өтті. Қатысушылардың бәрі дерлік сахна мәдениетін жетік меңгерген, кәсіби тұрғыда әбден толысқан актерлер. Ал біздің жас­тар театрының актерлері Ақан сері атындағы жоғары мә­дениет колледжінің білім алушылары, – дейді Фар­хадбек Қанафин, – колледж директоры Құралай Ыды­рысова біздің талабымыз­ды қолдап, көмегін көп тигі­зіп отыр. Бұл фестиваль Жас­тар жылы мен Ақтөбе қала­сы­ның 150 жылдығына орай ұйым­дастырылды. Біз үшін  тәжі­рибе алмасқан, шын шеберлік­тің шыңын нұсқаған сабақ болды. Қазылар алқасының шешімімен «Өзекті сахна тілін іздегені үшін» аталымы бойын­ша сыйлыққа ие болдық. 

Жас актерлердің талпыны­сын бағалағандықтан, Ақ­төбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың арнайы сый­лығы да беріліпті. Жас­тар театры алдағы уақытта заман­дас­тарының рухани әле­мін көріктендіре түсуі үшін өз шеберліктерін жетіл­діріп, ізде­нуден жалықпай­тын­дық­тарын жеткізіп отыр. Қоғамдағы кейбір келеңсіз қылықтарды қасиетті өнер арқылы емдеп жазуға ықпалын тигізсе, ойға алған мақсаттары да орындалар еді. 

Ақмола облысы
Соңғы жаңалықтар

Самокат мінгендерге айыппұл салынады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:05