Әлем • 01 Мамыр, 2019

Анна – әлем чемпионы

1001 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда ата-ана­сыз 108 жеті­­мек­ті жы­­­­­­­­­лы құшағына басып, жан жылуын сыйлап отыр­­­­ған аталған мекеме өз­ түлек­теріне тәрбие берумен қа­тар, спорт­­тың көптеген тү­ріне жаттықтыра­ды.­ Атам қазақ «жетім көрсең жебей жүр»­ дегеніндей, соның бір дәлелі мына Аня.

Анна –  әлем чемпионы

Айтулы жарыс­­та­­ Анна бес дүркін­­ рингке көтеріліп, оның­ еке­­­уін мер­зімі­­­­­­­нен бұ­­­рын­ аяқтаған екен. Жаттық­тырушы Аль­берт Алдияровтың айтуына қара­­­ғанда, Аняның бұл жек­пе-жек сайыс түрімен айна­лысқанына көп бола қой­мапты.

«Азғана уақытта джиу-джитсу сияқ­­­­­­­ты күр­­делі сайыс түрін Анна Во­до­лазова жап-жақсы меңгерді. Бола­­шақ­та бұл қыз еліміздің көк туын көк­ке көтерері сөзсіз. Мен бұ­ған толық сенімдімін», дейді Аль­берт мырза.

Жетімдер үйінің директоры Гүл­мира Қон­­­­ды­баева­ның сөзіне құ­лақ түрсек, балғын спортшы мекеме қа­быр­­­­­­ғасында биыл бесінші жыл тәрбиеленіп жатыр екен. Қаладағы №70 орта мектепте оқи­­­­­­­­­­ды. Сабақ үлгерімі жақсы. «Жоғарыдағы мәр­­­­­те­белі жа­рысқа то­ғыз шә­кіртіміз бар­­­­­ды. Аня алтыннан алқа тақ­са, тағы бір­ тәр­бие­­­ле­­­нушіміз Люба Темни­­ко­ва үшін­­ші орынға ие болды. Екеуі де же­тім қыз­­дар. Люба қазақ мек­тебінде оқи­ды, қа­­зақ ті­лін және салт-дәстүрін жақ­­сы бі­леді, спортты жақсы көреді. Екеуі де өте ақыл­ды қыздар», дей­ді ме­­кеме бас­шы­сы.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35