Аймақтар • 31 Мамыр, 2019

Полицейлер балаларды теңізге катермен серуендетті

1040 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. Тарихқа үңілсек, 1949 жылдың қарашасында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылып, алғаш рет 1950 жылы аталып өткен.

Полицейлер балаларды теңізге катермен серуендетті

Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғам есіне салу.

Аталған мерекеге орай Маңғыстау облысы Полиция департаменті өз есігін облыстық балалар ауылының 40 тәрбиеленушісіне айқара ашты.

Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу мақсатындағы шарада балалар Департаменттің мұражайында орналасқан экспонаттармен танысты. Жедел-басқару орталығындағы бейнебақылау камералар арқылы бүкіл қаланы көре алды. Одан кейін балалар "Динамо" спорт кешенінде болып, полицейлермен бірге футбол ойнап, спортпен шұғылданды. Естелік ретінде "Динамоның" спорттық кепкасы тарту етілді.

Арнайы автобуспен балалар 14 шағын ауданның теңіз жағалауында орналасқан «Каспий» стационарлық патрульдік бекетіне барып, электромобильдер мен квадроциклдарды көріп қана қоймай, бірге жағажай аймағын серуендеді. Сондай-ақ, балалар үшін полиция жылқыларына мініп, велосипед, ойыншық машиналар айдады.

Балаларға тәттілер, сусындар мен тағамдар таратылып, Каспий теңізіне катермен серуендеді.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025