Экономика • 04 Маусым, 2019

Алматы инфрақұрылымы қалдықсыз жұмыс істеуге көшті

1190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының орталық көшелерін абаттандыру жұмысы жүріп жатқанда әлеуметтік желілерде «жап-жаңа жол төсемелері, гранит тақталар қайда жұмсалса» деген мәселе жиі көтерілетін.

Алматы инфрақұрылымы қалдықсыз жұмыс істеуге көшті


Алматы билігі оның шешімін тапты. «Көлік жолайрықтарының тіреуіш қабырғаларынан демонтаждалған гранит тақталар тротуралардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына және көшелерді абаттандыруда пайдаланылатын болады, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда қолданылады» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  


Қала мобильдігі басқармасының хабарлауынша, 5 жолайрықтан демонтаждалған барлық тақталарды игеру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда алғашқы жолайрықтан 6,5 мың шаршы метр тақта алынды, оның 2,1 шаршы метрі тунелдің төменгі жағын қаптауға пайдаланылған. 1,2 мың шаршы метр жарамсыз тақталар тротуарларға төселеді, сонымен қатар мектептер мен ауруханалардың сыртқы жағына қолданылмақ. Ал бүтін тақталар Райымбек-Розыбакиев, Сүйінбай-Райымбек және Жароков-әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы көлік жолайрықтарындағы жөндеу жұмыстарында пайдаланылып жатыр.

Мектептер әзірден ғимарат сыртын әрлеу үшін демонтаждалған тақталарға өтінім беріп жатыр, жөндеу жұмыстары шілдеде басталады. Білім мекемелері мектептерді жөндеу жұмыстары кезінде шығынның көбісі инженерлік жүйелерді жүргізуге кетіп, абаттандыруға келгенде үнемдеуге тура келетінін алға тартып отыр. Олардың айтуынша, бұл жөндеу жұмыстарын айтарлықтай шығынсыз аяқтауға жақсы мүмкіндік.

АЛМАТЫ



Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03