Аймақтар • 02 Шілде, 2019

Қымбат пәтерде тұрғысы келген Әнуар Күмпекеев қызметінен кетті

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық әкімдікте өткен аппарат отырысында облыс әкімі Болат Бақауов қала әкімі Әнуар Күмпекеевке қатаң сөгіс жариялағанын мәлім етті.

Қымбат пәтерде тұрғысы келген Әнуар Күмпекеев қызметінен кетті

 - Әнуар Күмпекеев қымбат пәтер сатып алуға байланысты бюджет қаражатын тиімсіз және ысырап еткені үшін сөгіс алды, - деді облыс әкімі.

– Соған қарамастан, тағы да қателікке жол беріп, 6 миллион теңгеге эбен жиһазын сатып алды. Президенттің бюджеттен артық шығындарды жұмсауға тыйым салу туралы тапсырмасын елемеді. 11  маусымда оған қатаң сөгіс жарияланды,-деп мәлім етті.

Әнуар Күмпекеев  Павлодар қаласының әкімі болып  2018 жылы  тамыз айында тағайындалған-ды. Оған дейін Степногрск қаласының әкімі болыпты.

Қызметіне сай  әдеп, тәртіп әр басшыдан талап етіледі. 

Ал, егер Күмпекеев  бір жыл ішінде дұрыс абыройлы қызмет жасаса, Жастар жылы мүмкін облыс әкімі болып кетуі де мүмкін еді.  

Енді  қала әкімінің міндетін  Ермұрат Нұрханов атқаратын болады.

– Әнуар Күмпекеев саяси мемлекеттік қызметші ретінде сенімімді толығымен ақтамады. Тиісті құжаттар Президент Әкімшілігіне жіберілетін болады, - деді Болат Бақауов.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30