Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

Елімізде жүрген Еуроодаққа мүше елдердің көліктері уақытша тіркеуден өтуі мүмкін

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл шет мемлекеттің тіркеу нөмірлерімен 50 мыңға жуық құқықбұзушылық болған. Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа кірген елдердің автокөліктері міндетті түрде уақытша тіркеуден өтуі мүмкін. Мұндай жаңашылдық шетелдік нөмір таққан темір тұлпарлардың жиі жол көлік апатын жасап, жауапкершілікке тартылмай жатқандықтан жасалып отыр. Бұл туралы  ақпарат kolesa.kz порталында жарияланды.  

Елімізде жүрген Еуроодаққа мүше елдердің көліктері уақытша тіркеуден өтуі мүмкін

Себебі, Қазақстанда Ресей, Армения, Қырғызстан секілді елдердің көлік құралдарының деректер базасы жоқ. Сондықтан, полицейлер заң бұзушылықты дереу анықтауға мүмкіндіктері болмай отыр. Ал заңнамаға сүйенсек, жауапкершілікке тарту мерзімі құқық бұзылған уақыттан бастап екі айды құрайды. Ол уақыт өткен соң жауапкершілікке тарту мүмкін болмайды дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ, уақытша тіркеу кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Аталған процесс онлайн жүретіндіктен, уақытты үнемдейді. Әзірге заңға түзетулерді қабылдау дүйім елмен ақылдасқан соң қабылданады.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің дерегінше, былтыр шет мемлекеттердің тіркеу нөмірлерімен 42 мың құқықбұзушылық, ал жыл басынан бері 50 мыңға жуығы тіркелген.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03