Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Биылғы жылдан бастап Наурыз мерекесі БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан халықаралық мейрам деп мойындалып, бүкіл адамзат баласының мәдени мұрасы ретінде бағаланды. Ал Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыстың татулық пен келісімде тұрмыс кешуі, қоғамдағы барша азаматтың этностық, тілдік және конфессиялық ерекшелігіне қарамастан, тең құқыққа ие болуы ежелден келе жатқан Наурыз мерекесінің қағидаттарымен сәйкес келеді.
Еліміз әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан арылып, даму және өркендеу биіктеріне сенімді көз тігіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің өркендеуі, индустриялық бағдарлама, коммуналдық тұрғын үй салу мәселелерін тиімді шешу жолдарын қарастырып, Үкіметке қызметкерлер мен зейнеткерлердің табыстары мен жалақыларын өсіру туралы нақты тапсырма берді. Осының барлығы әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілі болып табылатын ел тұрғындарының бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне кепіл, болашаққа деген сенім болып табылады.
Бүгін біз қол жеткен табыстармен тоқтап қалмай, өркениетті елдер қатарына кіру мақсатында аянбай еңбек етуіміз қажет. Бірлігіміз болса, тірлігіміз болса, біз әлі талай белестер мен биіктерді бағындырып, әлемде Қазақстан туын асқақтата береміз.
Қымбатты отандастар!
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясы.
• 20 Наурыз, 2010
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БАРШАМЫЗҒА ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БАҚЫТ ӘКЕЛСІН!

Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 10:27
Қасым-Жомарт Тоқаев испан халқына бақ-береке тіледі
Президент • Бүгін, 10:20
Сарапшылар: 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,9% болады
Экономика • Бүгін, 10:10
Әскери топограф күні: Цифрлы ұрыс алаңы қалай жасақталады?
Әскер • Бүгін, 10:05
Елде қанша кәсіпорын тауар өндірумен айналысады?
Экономика • Бүгін, 09:43
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:35
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Ауа райы • Бүгін, 09:12
Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында
Саясат • Бүгін, 09:05
Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі
Саясат • Бүгін, 09:02
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Саясат • Бүгін, 09:00
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
Саясат • Бүгін, 08:55
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:53