Спорт • 30 Қаңтар, 2026

Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның ашық чемпионатында 17 жастағы отандасымыз финалға жолдама алды. Енді ол Китон Ханс (АҚШ) пен Кун Шу Чен (Тайбэй) жұбының жеңімпазымен кортта кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: IG/itftennis

Заңғар Нұрланұлы өткен жылдан бері жоғары санаттағы жасөспірімдер турнирінде тұрақты өнер көрсетіп келеді.

17 жастағы қазақ теннисшісі әлемдік рейтингте жоғарылады

Теннисшінің бұған дейінгі ең ірі жетістігі – 2025 жылдың қыркүйегінде өткен US Open турнирінде тіркелген. Аталған жарыста ол тек турнирдің болашақ чемпионы – жасөспірімдер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы, болгариялық Иван Ивановқа ғана жол беріп, жартылай финалға дейін жеткен еді.

Александр Бублик әлемдегі ең үздік 10 теннисшінің қатарына енді

Сонымен қатар Australian Open турнирінде еліміздің атынан жекелей сында Елена Рыбакина, ал жұптық сында Анна Данилина жарысты жалғастырып жатыр.

Ел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды

Соңғы жаңалықтар