Ауа райы • Бүгін, 09:23

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

2026 жылғы 30 қаңтар, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-632 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы учаскесі) және осы автожолдың 632-718 шақырым аралығы (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы учаскесі).

Маңғыстау облысында әйел мен үш бала қар құрсауынан құтқарылды

Сондай-ақ, Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының аралық құрылымындағы шеткі арқалықтардың зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығу уақытша тоқтатылды.

Астанадан шығатын жолдар жабылды: Қатты аязға байланысты қозғалысқа шектеу қойылды

Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанның 16 облысында және Астанада дауыл болатынын жариялады. Болжам бойынша, елдің басым бөлігін қалың тұман басуы мүмкін.

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 100 шақты автокөлік құтқарылды

Соңғы жаңалықтар