Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Теміртауда республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауы өтті

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласында өткен республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауында Ақмола, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 25 орындаушы бақ сынады.

Теміртауда республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауы өтті

Жас әншілердің өнерін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Гүлмира Жукупбаева және басқалар бағалады.

Арқа төсін екі күн бойы әнге бөлеген байқаудың бас жүлдесі Түркістан облысынан келген Бахтияр Ақылбекке бұйырды. Бірінші жүлдеге шығысқазақстандық әнші Әлия Әкенова лайықты деп танылса, екінші және үшінші жүлделерді, тиісінше Алматыдан келген Эльдар Омаров пен шымкенттік Дидар Әбдухалық өзара бөлісті.

Республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауының  жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және естелік мүсіншілермен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18