Кино • 23 Қазан, 2019

«Домбыра» фильмі Үндістанда өткен фестивальде үздік атанды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас режиссер Рамазан Халиолланың қысқаметражды «Домбыра» фильмі  Нью-Дели қаласында өткен ХVIII Халықаралық  қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде (Delhi Shorts International Film Festival) «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды.

«Домбыра» фильмі Үндістанда өткен фестивальде үздік атанды

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі  түсірген бұл фильм домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет деген баланың өмірін баяндайды. Жарты сағаттық фильмнің сценарийін жазған Рамазан Халиолла және Жанат Жайлыбай.

Айта кетсек, аталған кинотуынды биыл Алматыда өткен IV Халықаралық Baiqonyr ISFF кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, «Бродвейдің таңдауы» сыйлығын алған.

Нью-Делидегі DSIFF халықаралық кинофестивалі алғаш рет 2012 жылы өткен болатын. Ұйымдастырушысы – Miniboxoffice үнді компаниясы. Биыл фестивальдің халықаралық қазылар алқасын испан режиссері Виктор Мануэль Лопесмуньос басқарды. Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында: продюсер Виктория Сил (Жапония), режиссер Ракел Руиз (Аргентина), режиссер Прашант Сегал (Үндістан) болды.

 

АЛМАТЫ