«Әділ Кенжеғұлов биыл 25 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында браконьерлерді қуып келе жатқанда қызметтік көлік аударылып қаза тапқан болатын. Мемлекет пен халықтың қазынасы табиғат байлығын көзінің қарашығындай қорғаған батырды халқымыз ешқашан ұмытпайды. Бұл құрмет тұтас халықтың батыр азаматы алдындағы парызы», делінген хабарламада.
