Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020

Сенат депутаттары ауданда болды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облысқа жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, Дана Нұржігіт Арал ауданындағы Қамыстыбас, Аманөткел және Бөген елді мекендерінің тұрғындармен кездесті.  

Сенат депутаттары ауданда болды

Кездесу барысында депутаттар Парламентте атқарылған жұмыстар мен қабылданған заңдар жөнінде ауыл тұрғындарын хабардар етіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауы жайлы айтты.

Депутаттар Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асуы туралы да баяндады. Әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістер, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауылшаруашылығы саласы бойынша заңға енгізілген толықтырулар жөнінде түсіндірме жасады. Сонымен қатар «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталды.

Жиында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарына тиісті жауап алды.

Сенат депутаттары ауданға жасаған сапарында «Ақлақ» су тоспасы мен «Көкарал» бөгетінің жағдайымен  де танысты.

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55