Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Шымкент әкімі Kazakh Invest компаниясының төрағасымен кездесті

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласына инвестиция тарту мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаевпен кездесті. Кездесу барысында Kazakh Invest компаниясының өкілдері көлік және логистика саласы бойынша бірқатар инвестициялық жобамен таныстырып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент әкімі Kazakh Invest компаниясының төрағасымен кездесті

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан шаһар екенін айтқан қала басшысы аймақта шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келетінін жеткізді.

Сондай-ақ әкім мегаполис Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдерімен теміржол және әуе арқылы байланысатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Арқалық музейіндегі асадал

Жәдігер • Бүгін, 08:10