Фото: Majid Asgaripour / WANA / Reuters
Жараланғандардың арасында Мысыр, Судан, Иран және Түркия азаматтары бар. Бұл туралы Әмірліктердің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Министрлік дерегінше, қақтығыс басталғалы әуе қорғаныс жүйелері 262 баллистикалық зымыранды анықтаған. Олардың басым бөлігі әуеде жойылған. 19 снаряд теңізге құлаған, ал 2 зымыран ғана ел аумағына жеткен.
Сонымен қатар 1500-ге жуық ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты тіркелген. Оның 90-ы ел аумағына құлағаны хабарланды.
Айта кетейік, эвакуация жұмыстары басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.