30 Наурыз, 2010

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР – ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов орталық және жергілікті атқару органдары басшыларының қатысуымен селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкім­дері төтенше жағдайлар зардаптарын жою және су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді қалпына кел­тіру іс-шараларын ұйымдас­ты­ру жұмыстары жөнінде баяндады. Алматы облысының әкімі С.Үмбетов Ақсу ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен елді мекендердегі жағ­дайдың қалыпқа түсіп  келе жатқанын, қалпына келтіру жұмыстарына 52 құрылыс ұйымдары тартылып, жаңа үйлер құрылысы басталғанын ха­барлады. Қазіргі күні төтен­ше жағдайдың зардаптарын жою үшін 2 миллиард 700 мил­лион теңгеден астам ақ­шалай және материалдық көмек жөнелтілді. Тарбағатай ауданындағы ағымдағы жағдай туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев хабарлап, бүтіндей алғанда ахуалдың бақылауда тұрғанын жеткізді. Тасқынға қарсы жұмыстар жүргізу үшін Үкімет 850 миллион теңге бөлді. Құтқару және қалпына келтіру жұ­мыс­тарына Төтенше жағ­дайлар, Көлік және комму­никация, сол сияқты Қорғаныс министр­ліктерінің күштері жұмылдырылуда. Төтенше жағдайлар ми­нистрі Владимир Божко мем­лекеттік материалдық ре­зерв­терден қажетті заттар дайындау жөнінен жұмыстардың бас­тал­ғанын хабарлады. Төтенше жағ­дайлар қызметінің маман­дары облыс әкімдігі өкілдігімен бірлесіп, аудандағы қар ерудің жағдайын қадағалауда және қауіпті деген аймақтардағы су тасқыны ахуалына үнемі мониторинг жүргізуде. К.Мәсімов Премьер-Ми­нистрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеевке Шығыс Қазақстан облысына барып, әкіммен бірлесе отырып, жергілікті жерде қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.