Мәдениет • 29 Қаңтар, 2026

Талдықорғанда Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына арналған дәстүрлі ән кеші өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ән саламын» атты дәстүрлі ән кеші ұйымдастырылды. Тағылымды музыкалық кешке Д. Рақышев атындағы облыстық филармониясы ұйытқы болды, деп жазады Egemen.kz.

Талдықорғанда Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына арналған дәстүрлі ән кеші өтті

Кеш барысында қазақтың дәстүрлі ән өнерін асқақтатқан тұлғаның репертуарындағы таңдаулы туындылар шырқалып, көрермен қауым рухани әсерге бөленді. Сахнада ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп жүрген әншілер Дәнеш Рақышевтың шығармашылық мұрасын жаңғыртып, оның орындаушылық мектебінің ерекшелігін айшықтай түсті.

Оқи отырыңыз: Дәнеш еккен дән

Филармония директоры Самат Жексенбаев мерейтойлық кештің маңызына тоқталып: «Дәнеш Рақышев – қазақтың дәстүрлі ән өнерін биік деңгейге көтерген бірегей тұлға. Оның шығармашылығы – ұлттық руханиятымыздың асыл қазынасы. Бүгінгі кеш – сол мұраны жас ұрпаққа насихаттап, халық жүрегінде қайта жаңғыртуға арналған тағзым»,  деді.

Майра Ілиясова: Дәстүрлі ән – ұлт рухының тірегі

Кешке келген көрермендер де ерекше әсер алғандарын жасырмады.

«Дәнеш ағамыздың әндері – тұнып тұрған тарих пен тағдыр. Бүгін сол әндерді жанды дауыста тыңдап, ерекше толқыдым. Осындай кештер жиі ұйымдастырылса екен», дейді қала тұрғыны.

Тағылымды шара ұлттық өнерді ұлықтап, дәстүрлі әнге деген көрермен ықыласының жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Соңғы жаңалықтар