30 Наурыз, 2010

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.Жеделхатта: “Қазақстанда Мәскеу метросындағы террорлық актінің салдарынан бейбіт тұрғындардың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар терең күйзеліспен қабыл алынды. Қазақстан терроризмнің қандай жағдайда да болуын үзілді-кесілді айыптайды және Ресей Федерациясын өзінің толықтай қолдау көрсететініне сендіреді. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қайтыс болғандардың отбасы­ларына, туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына ортақтастығымды және қолдау сөзімді жеткізуіңізді сұраймын”, делінген.