Фото: world-nan.kz
Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мәтінді ғана жаңғыртумен шектелмейді. Әңгіме билік ашық әрі қоғам алдында есеп беретін, ал институттар жедел әрі әділетті жұмыс істейтін жаңа мемлекеттік архитектура туралы болып отыр. Ерекше назар жаңа парламенттік модельге көшуге, бір палаталы өкілді орган қалыптастыруға және кері байланыстың орнықты тетіктерін құруға аударылып отыр.
«Ұсынылып отырған өзгерістер – тек мәтінді өзгерту емес. Бұл – қоғамның нақты сұраныстарына берілген жауап», деді Асхат Рахимжанов.
Асхат Рахимжанов жүргізіліп жатқан өзгерістер әлемдік демократиялық үдерістерге сай келетінін және халықаралық социал-демократиялық қауымдастықтың қолдауына ие екенін айтты. Сондай-ақ еліміздегі реформалардың жаһандық демократиялық трансформацияның бір бөлігі ретінде қабылданып отырғанын көрсетеді.
Конституциялық реформа: Ата заңның қай баптары қайта қаралады?
Мәжіліс Конституциялық реформаны қолдауға арналған Социалистік интернационалдың қарарының негізгі ережелерін де таныстырды.