«Мой город» басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қаңтар күні кешкі уақытта Солтүстік көшесінде болған.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 101 нөміріне кешкі уақытта түскен. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері жіберілген.
Түркістан облысындағы өрттен 12 адам қаза тапты: Оқиға орнынан фото мен видеолар жарияланды
Құтқарушылар келген кезде жеке тұрғын үйдің толығымен өртеніп кеткені анықталған. Өртенген үйдің ішінен үш адамның мәйіті табылып, өрт ошағынан шығарылған.
«Өрт толығымен сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ шамамен 90 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», деп хабарлады БҚО ТЖД.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 14 қызметкері мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалынның көршілес аумаққа таралуына жол берілген жоқ.
Ресми дерекке сәйкес, аталған үйде бір адам тұрған. Қаза тапқан үш адамның өліміне қатысты мән-жайлар мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты