30 Наурыз, 2010

АССАМБЛЕЯ ДА АТСАЛЫСУДА

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаншама жанның көңіліне ауырлық салмағын түсірген Қызылағаштағы су тасқыны жұрттың есінде көпке дейін қалары анық. Десек те, мұндай апаттың қайтып келмеуін тілеген еліміз азаматтары жер-жерден  көмек қолын созуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан көрсетіліп жатқан көмек солар­дың бір шоғыры.Жақында құрамында  түрлі мәдени орталықтардың өкілдері бар Қазақстан халқы Ассам­блеясының делегациясы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызыл­ағаш ауылына арнайы атба­сын бұрып, ондағы халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Ассамблея өкілдерінің айтуына қарағанда, материалдық көмек акциясын өткізуді еліміздің барлық республикалық және діни этномәдени бірлестіктері, облыстық достық үйлері өкілдері түгелдей қуаттаған. Материалдық көмек акциясын ұйымдастыру кезінде қызыл­ағаш­тықтарға түрлі азық-түлік өнімдерін, жылы киімдер мен балаларға қажетті оқу құрал­дарын үлестірді.  Бұған қоса, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері зардап шеккен жан­дарға 8 млн. теңге көлемінде қаржылай жәрдем көрсетті. Қызылағашқа жасаған ар­найы сапар кезінде делегация  облыс басшылары мен жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесіп, су тас­қынынан зардап шеккен ай­мақты қайта қалпына келтіру жұ­мыстары жөнінде әңгі­ме­лес­ті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.