30 Наурыз, 2010

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: ЖАҢА ҚАДАМДАР

1196 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-демо­кратиялық партиясының басшы­лығы аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар және елмен етене жақын болу мақсатында бірқатар қоғамдық қабылдау бөлімдерін ашқан болатын. Мұндай жұмыс түрі сондай-ақ, билікте­гі­лердің жергілікті жерлердегі адам­дардың өтініш-шағымдарын тың­дап, қордаланған проблема­ларын шешуге қолайлы болды. Көптеген азаматтар әділдік із­деп талай мемлекеттік органдардың есіктерін тоздырып, талай басшы­ның алдына барады. Ақыры барар жері қалмаған соң “Нұр Отан” ХДП-ның қоғамдық қабылдау бөлме­сіне келеді. Сондықтан біздер аза­маттарға заңдық, психологиялық демеу тұрғыдан көмек көрсетуден жалыққан емеспіз. Арыз-шағым­дардың артында қилы тағдыр тұратынын білеміз. Жыл өткен сайын қоғамдық қа­былдау бөлімдеріне өтініші айтып, көмек сұрап келетіндер саны арту­да. Айталық, 2005 жылы – 4636, 2006 жылы – 7204, 2007 жылы – 31 000, ал 2008 жылы 42 700 адам әр түрлі жағдаймен келді. 2009 жы­лы партияның қоғамдық қабыл­дау бөл­мелеріне азаматтар тара­пы­нан 67 973 өтініш жасалды. Оның 32 006-сы – жазбаша. Бұл басқа жыл­дармен салыстырғанда едәуір артық. Партияның орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмелерінің негізгі міндеті – жергілікті жер­лердегі азаматтарды толғандыратын аса маңызды проблемаларды ай­қындау, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді бағалау. Осы мақсатта енгізілген қоғамдық қабылдау бөлмелерінің көшпелі тәжірибесі көпшіліктің көңілінен шығып, оң көзқарастарын білдірді. Өткен жы­лы қоғамдық қабылдау бөлімдері жергілікті орындарға 920 рет бай­ланысқа шығып, тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыруға күш-жігерлерін жұмсады. Аталған қа­былдау жұмыстарына барлық дең­гейдегі депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, 12 мыңнан аса азаматтардың өті­ніш-шағымдарын қарады. Олардың денін тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету, жалақының дер кезінде берілмеуі сияқты көкейкесті мәселелер құрайды. Көптеген азаматтар атқарушы органдар жұмыстарының сапасыз­ды­ғынан немесе құқықтық сауат­сыздығының салдарынан да зардап шегіп жатады. Ондайда қоғамдық қабылдау бөлім қызметкерлері тұр­ғындарға құқықтық көмек көрсетіп, өтініштерін қанағаттандыруға мұ­рындық болады. Оған дәлел ретінде өткен жылы, түскен арыз-шағы­м­ның 42 пайызының оң шешімін тапқанын атап айтуға болады. Ал азаматтардың жиі көтеретін мәсе­лесі бұрынғы жылдардағыдай, тұр­ғын үй жайы. Ауызша жасалған ар­ыздың 22 пайызы осы саланы қам­тиды. Ал 14 пайызы әкімдіктердің құ­зырына жататын әлеуметтік қамтамасыз ету мен сот шешіміне наразылық мәселелерін қамтиды. Қазіргі уақытта орталық аппа­раттың басшылығы мен барлық деңгейдегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен тығыз бай­ла­ныс орнатылған. Нәтижесінде, Бас прокуратура мен оның аймақтық құрылымдары, Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі мен оның департаменттері, Жо­ғар­ғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті мен соттың жер­гілікті әкімшіліктері, қаржы по­лициясы органдары, барлық дең­гейдегі депутаттар және әкімдіктер азаматтардың арыз-шағымдарын тексеріп, оң шешім шығару үшін жұмысқа белсене ара­ласуда. “Нұр Отан” ХДП Орталық ап­параты қо­ғамдық қабылдау бөл­ме­сінде еліміздің бар­лық аймақта­ры­нан ке­летін азаматтарды Пар­ламент Мәжілісінің де­путаттарымен жүз­дес­тіріп отыру мүмкіндігі туды. 2009 жылдың кес­тесіне назар ау­дар­сақ, Мәжіліс депутат­тары 73 кез­десу өткізіп, 763 адамды қабыл­да­ған. Сонымен қатар, “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партия­сы мен Қа­зақстанның Адвокаттар одағы ара­сында жасалған мемо­ран­думға сәй­кес, Орталық аппаратта апта­сына екі рет: сәрсенбі және жұма күндері Адвокаттар одағы өкілдері азамат­тар­ды қабылдайды. Олар осы уа­қытқа дейін 19 қа­был­дау жүргізіп, 104 азаматқа құ­қық­тық кеңес берді. Үстіміздегі жылдың 10 ақпаны күні “Нұр Отан” партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде республика бойынша “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні” акциясы өтті. Аймақтық деңгейдегі акцияға денсаулық сақтау, білім беру, ха­лық­ты әлеуметтік қорғау мәселе­лері бойынша облыстық әкімдердің орынбасарлары, қала әкімдері, барлық деңгейдегі депутаттар және құқық қорғау органдары басшы­ларының өкілдері қатысты. Акция барысында азаматтардан 1 800 өтініш қабылданып, оның 250-і оң шешімін тапты. Ал 600 өтініш өз құзіреті аясында қарау үшін мемлекеттік және құқық қорғау орган­да­ры­на жіберілді. Өті­ніш­тің 950-іне тиісті тү­сіндірулер берілді. Орталық аппа­рат­тың Қоғамдық қабыл­дау бөлмесінде Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау вице-ми­нистрі Нүсіпова Әсел, осы ве­домствоның Ба­қылау және әлеу­меттік қорғау жөніндегі ко­ми­тет төрағасының ор­­ынбасарлары Тоқ­сейітова Гүлнәр мен Оспанқұлов Төлеген азаматтарды жеке мә­се­­ле­лері бойынша қабылдады. Қа­был­дау­да 87 адам болды, 16 адам­ның өті­ніштері оң шешімін тапты, 51 өті­ніш қарау үшін қабылданып, олар партияның бақылауына алын­ды. Сонымен қатар, 20 адамға өті­ніштері бойынша тиісті түсін­ді­рулер берілді. Сондай-ақ, өткен айдың со­ңында “Нұр Отан” ХДП-ның Орта­лық аппаратында партия Төраға­сы­ның бірінші орынбасары Н.Нығ­ма­тулиннің төрағалығымен орта­лық мемлекеттік және құқық қор­ғау органдарының басшы­ла­ры­мен 2009 жылда азаматтардың хат­тарын қа­раудың нәтижесі бойынша бас қосу болып өтті. Жиналысқа “Нұр Отан” партиясының жергілік­ті ор­ын­дар­дағы қоғамдық қабылдау бөл­ме­лерінің меңгерушілері шақы­рыл­ды. “Нұр Отан” партиясы Төр­ағ­а­сы­­ның бірінші орынбасары Н.Нығ­­ма­тулин жиналғандарға өткен жылда атқарған жұмыс­та­рына рахмет ай­тып, азаматтардың жаз­ған арыз-шағымдарына мемле­кет­тік және құқық қорғау органда­рының дер кезінде, уақытында жауап беруіне баса назар аударды. Бас қосуда әсіресе, азаматтардың қор­даланған, күрделенген пробле­ма­лық мәселе­ле­рін шешуге бір адам­дай ат салысуға, сөзбұй­да­лық­тан ада болуға ша­қырды. Жиналған басшылар атқар­ған жұмыстары бойынша нәтижелі жұмыстарын да атап өтті. Біз бұдан әрі де халықтың проб­лемаларын реттеу жүйелерін тиімді жасау жөніндегі жұмыстарды белсенді түрде жалғастыратын боламыз. Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысына “Жас Отан” жастар қанатының қатысуы да өз жемісін беруде. Қазіргі уақытта тек жастар қозғалыстарының белсенділерін ғана емес барлық студент жастар­ды, яғни психологиялық және заң факультеттерінің студенттерін қо­ғамдық қабылдау жұмыстарына қа­тыстыру тәжірибесі қолға алынбақ. Қоғамдық қабылдау жұмысына қа­тысқан болашақ психолог, заңгер­лер халықпен іс әрекет етуге, со­ны­мен қатар, мемлекеттік орган­дармен өзара қарым-қатынас жа­сауға үй­ренер еді. Сондай-ақ, жер­гілікті ор­ын­дардағы қордаланған мәселелер­мен жіті танысуға мүм­кіндік алады. Біз жастарды қоғам­дық қабылдау жұмыстарына тартуға мүдделіміз. Сонымен қатар, наурыз айынан бастап аптасына бір рет “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратының қоғам­дық қабылдау бөлмесінде мем­ле­кеттік, құқық қорғау орган­да­рының, банк және ұлттық ком­паниялардың басшылары қабыл­дайды. “Нұр Отан” партиясының қо­ғамдық қабылдау бөлмелеріне ха­лық үлкен үмітпен келеді. Біздің мақсатымыз ел сенімін ақтап, қол­дан келген барлық көмекті көрсету болса, біз осы жолда барынша жан аямай еңбек етіп келеміз. Асқар ҚҰМАРБАЙ “Нұр Отан” ХДП қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты.