Оқиға • 25 Қаңтар, 2026

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған 5 адамды шығарып алды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Айтматов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде 5 адам лифт ішінде қалып қойған. Олардың арасында 1 бала болған. Кабина 7-ші қабатта тоқтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған 5 адамды шығарып алды

Фото: freepik.com

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары дереу оқиға орнына келіп, арнайы лифт кілті арқылы есікті ашып, барлығын қауіпсіз жерге шығарды. Қызметкерлердің әрекеті нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты

ТЖМ лифт ішінде қамалып қалған жағдайда сақталуы тиіс негізгі ережелерді еске салады:

  • Сабыр сақтап, басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыз;
  • Кабинадағы байланыс батырмасы арқылы диспетчерге хабарласыңыз;
  • Барлық батырмаларды бірінен соң бірін баспаңыз – бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін;
  • Есікті өз бетіңізше ашуға немесе төбеден шығуға тырыспаңыз;
  • Қолжетімді байланыс құралдарын қолданыңыз: шақыру батырмасы немесе мобильді телефон (сигнал болса).

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған әйелді шығарып алды

Соңғы жаңалықтар