Абай • 28 Ақпан, 2020

Қостанайда «Абайдың рухани мұрасы» атты шығармашылық байқау өтті

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Байтұрсынұлы  атындағы  Қостанай  мемлекеттік университеті  мен облыстық Ассамблеяның Аналар кеңесі ұйымдастырған аймақтық байқауда ЖОО шәкірттерінің   абайтану бағытындағы білімдері  сыналды.

Қостанайда «Абайдың рухани мұрасы» атты шығармашылық байқау өтті

Байқаудың бірінші кезеңінде Абай өлеңдерін мəнерлі нақышта  оқып шыққан студенттер одан кейінгі кезеңде Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы, М.Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасы бойынша интеллектуалдық  сайыста сынға түсті. Абай афоризмдерін тəпсірлеуге арналған қорытынды кезеңде байқау жеңімпаздары анықталып, оларға арнайы сыйлықтар мен ұлы ақынның 4-томдық шығармалар жинағы табыс етілді.  

«Рухани жаңғыру» орталығының директоры Алмасбек Әбсадықтың айтуынша, Ахаң атындағы білім ордасында Абай әлемін аша түсуге арналған танымдық шаралар жыл бойы алуан форматта жүйелі түрде өтеді. 

-Бұл сайыста мен Абайдың «Көк тұман алдыңдағы келер заман» деген өлеңін нақышына келтіріп оқып шықтым. Бұл өлеңде ақын жан құмарлығы мен тән құмарлығының аражігін ашып көрсетіп, осының бізге қайсысы керек? – деегн мәселе көтереді. Тән – уақытша, жан – мәңгілік екенін түсіндіреді. Абай атамыздың қай өлеңін қарасаң да, астарында үлкен бір мән-мағына жатыр. Егер біз өзімізді өзіміз танимыз десек, Алланы танимыз десек, Абайды оқығанымыз жөн, - дейді байқауға қатысушы Ерназар Есенгелді.

 

Қостанай