Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Теңіз жаяу әскерінің взводтары қалалық ұрыс жағдайындағы әдіс-амалдарды пысықтады

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жауынгерлік дайындықтың кезекті кезеңінің соңында Маңғыстаудағы «Оймаша» оқу полигонында взводтардың жауынгерлік атыстары өтуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Теңіз жаяу әскерінің взводтары қалалық ұрыс жағдайындағы әдіс-амалдарды пысықтады

Взводтардың жауынгерлік атысына мотоатқыш және теңіз жаяу әскерінің взводтары мен қоса, оқпен қолдау көрсету күштері ретінде танк пен артиллерия бөлімшелері қатысуда.

Осы кезеңдегі атыстардың барысында теңіз жаяу әскерлерінің взводтарымен қалалық жағдайдағы ұрыс жүргізу мәселелері қарастырылды. Жаттығу барысында елді мекенді барлау және елді мекендегі ұрыс кезіндегі жеке құрам мен әскери техниканың іс-әрекетін келістіру мәселелері тиянақты қарастырылды.

1

Жауынгерлік атыстар басталар алдында батальон командирлерінің жалпы басшылығымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Атыстардың нәтижесі бойынша жеке құрамды жақсы басқарып, дұрыс шешімдерді қабылдау арқылы көзге түскен теңіз жаяу әскерлері взводының командирлері лейтенант Ильдар Айымбек пен лейтенант Жәнібек Азанбай үздік атанды.

Взводтардың жауынгерлік атыстары наурыз айының басында аяқталады.

 

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше