Қоғам • 03 Наурыз, 2020

Қостанайда медициналық маска сатылымы шектеулі

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда медициналық маска іздесеңіз, маңдайшасында «Фармаком» немесе «Цветная» деген жазуы бар дәріханаға ғана кіріңіз. Қалған аптекаларға барып әуіре болмаңыз. Олардан таба алмайсыз.  

Қостанайда  медициналық маска сатылымы шектеулі

Аздап тұмауратыңқырап қалдым. Дегенмен сабаққа бару керек. Мектепке вирустан қорғайтын бетпердесіз кіруге болмайды. Маска іздеп Темір жол вокзалының маңындағы 4-5 дәріхананы шарлап шықтым. Ешқайсынан таппадым, - дейді 11 сынып оқушысы Балауса Жүніс.

Облыстың медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылайтын департамент маманы Олжас Жиенбаевтың айтуынша, жоғарыда аталған екі желілік аптекалар қазірше қала тұрғындарын медициналық маскамен толық қамтамасыз ете алады. Ал  өзге дәріханаларға  қашан жеткізілетіні белгісіз. Оны тасымалдаушылар да тап басып айта алмай отыр.

Біз Баймағамбетов көшесіндегі 68-үйде орналасқан «Фармаком» дәріханасына бас сұғып, 20 маска сұрадық. Сатушы бесеуден артық сатылмайтынын айтты. Қазір масканы көптеп алып, оны қымбат бағаға басқа жаққа жөнелтіп жатқан алып-сатарлар көбейіп кетті. Бір адамға бесеуден артық сатылмау себебі – осы. Бір пысық келіп барлық масканы алып кетсе, қалған жұрт не істейді? – деді  «Фармаком» филиалының директоры Галина Качина.

Медициналық маскалар «Фармаком» дәріханаларында 50 теңге, «Цветная» дәріханаларында 25 теңге тұрады.

 

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15