«Астана Арена» стадионында өткен турнирдің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңісті голды төртінші минутта жартылай қорғаушы Рамазан Оразов соқты. Ол қақпаға жақын қашықтықтан допты штангадан қайтып келгеннен кейін соққан.
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирде барлығы алты ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Бұған дейін команда Намибияны 2:0 есебімен жеңген. Кувейт командасы Таяу Шығыстағы әскери әрекеттерге байланысты жарысқа қатыса алмады.
FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады
Намибия екінші орынға жайғасып, Комор аралдарын сериядағы пенальти арқылы жеңгеннен кейін екі ұпай жинады, ал Комор аралдары бір ұпаймен турнир кестесін соңғы болып қорытындылады. Турнир алдында FIFA рейтингінде Қазақстан 114-орында, Намибия 118-орында, Комор аралдары 107-орында тұрған.
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Наурыз айында FIFA Series турнирінде Қазақстан құрамасынан бөлек, Өзбекстан және Әзірбайжан құрамалары да жеңіске жеткен болатын.