Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Маңғыстауда жеті санитарлық карантиндік пункт жұмыс істейді

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы көлемінде 7 санитарлық карантиндік пункт жұмыс істейді. Оның ішінде 2-уі автөкөлік бекетіндегі «Темір-Баба», «Тажен», 2-уі Ақтау, Құрық теңіз порттарында, 1-уі әуежайда, 2-уі теміржолы көлігінде «Болашақ» станциясы, «Оазис» Бейнеу станциясында. Барлық СКП - да келген азаматтардың барлығы тепловизормен тексеріліп қаралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.

Маңғыстауда жеті санитарлық карантиндік пункт жұмыс істейді

Маңғыстау облысы көлемінде шет мемлекеттерден келетін азаматтарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізу барысында арнайы санитарлық карантиндік пункттердің бөлімшелерінде мамандармен қызмет көрсетіледі,  деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев.

Халықаралық әуежайдағы санитарлық карантиндік пункттеріне көмекке Ақтөбе қаласынан 4 маман, Обаға қарсы күрес станциясынан және Маңғыстау облысының тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау Департаменті мамандары жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше