Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Экологтар ауадағы ақ ұнтақтан зиян жоқ деп хабарлады

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаудағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында кейбір аумақтарда шаң көтеріліп, белгісіз ақ ұнтақ адамдардың киімдеріне және темір тұлпарларына жабысып, біраз әуреге түскен тұрғындар туралы жазған болатын. Осыған орай Маңғыстау облысы экология департаментінің мемлекеттік бақылау инспекциясының инспекторлары және талдау бақылау зертханасының мамандарымен бірлесіп, Ақтау қаласындағы үш нүктеден сынама алған еді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: Экологтар ауадағы ақ ұнтақтан зиян жоқ деп хабарлады

Атап айтқанда Ақтау қаласы1 шағынаудандағы «Шағала» қонақ үйінің жаны, 22 шағынаудан «Шағын Оймаша» және 33 шағынауданы «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінің жанынан зиянды заттарға, яғни шаң, күйеге сынамалар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Нәтижесінде, атмосфералық ауа сынамалары ластаушы заттар шекті рұқсат концентрациясынан аспайтындығын көрсетті.

Осыған сәйкес, эколог мамандар алынған сынамалар қорытындысы, тұрғындарға аталған жәйт ешқандай зияны жоқ екендігін көрсетіп отырғандығын айтады.

-Бұл кәдімгі табиғи құбылыс. Ол адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Бұл шаң адамдардың киімдерін сәл ғана бүлдіруі мүмкін. Оның үстіне, бұған дейін Қазгидромет мекемесі үстіміздегі жылдың 25 наурызында Маңғыстау облысы 10-15 метр секундына дейінгі шаңды дауылдар пайда болу қатері бар екендігі жөнінде хабарлаған болатын, дейді экология департаментінің өкілдері.

 

Маңғыстау облысы

                          

 

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025