
Қазір екеуі ұйымдасқан қылмысты бірнеше рет жасаған баукеспелер ретінде Петропавлдың оқшаулағышында көздері бозарып отыр. Енді олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1 және 3-бөліктерінде қарастырылған «Ұрлық» бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Петропавлдың пинкертондарына ұрыны ұстауға бейнекамелардағы жазбалар жақсы көмектескен. Егер олар болмаса қылмыс үстінде ұсталмаған қулар Петропавлдан табандарын жалтыратып кете жаздағандай екен. Енді жұрттың бәрі короновирустан қорынып, үйден шыға алмай отырса, мыналар суыққолдығының кесірінен төрт қабырғаға кептеліп отыр.
ПЕТРОПАВЛ