Қоғам • 15 Маусым, 2026

Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды

1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында құтқарушылар судағы қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды

Фото: Видеодан скрин

Жуалы ауданындағы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасында акваторияны патрульдеу кезінде облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2005 жылы туған азаматты құтқарды.

Жас жігіт шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, бата бастаған. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында зардап шеккен тұрғын дер кезінде судан шығарылды.

«Құрбыларын құтқармақ болған»: БҚО-да суға кеткен түлектер туралы тың мәліметтер шықты

Оқиға орнында құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Астанада судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Айта кетейік, Атырау облысында суға кеткен балықшының мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар