
Мұндайға қалай елжіремейсің, көмек бергің келіп кетеді. Алаяқтың айтқанына көніп, ауылдың талай ашық ауызы «оның ақшасын» әпере қоймақ болып, соңына ерген. Алаяқ аңқауды «Кредитомат» деген фирманың терминалына алып барып, оның атына құжаттарының негізінде ақша сұратқан. Фотографияға түсу қажет болғанда да ауылдық ағайынды камераға жақындатқан. Қысқасы осындай әдіспен оның атына несие рәсімдеп отырған. Өзінің атына несие рәсімделгенін артынан ғана білген ауылдың ашық ауыздары санын бір-ақ соққан.
Оқиғаның бәрі «Мұхит» сауда орталығы мен соның жанындағы орталық сауда алаңында болғаны анықталды. Басқа жерге «Сreditomat.kz» терминалы қойылмаған болса керек.
Петропавл полициясы осы деректерді басшылыққа ала отырып, қаланың күдік келтірген 1981 жылы туған тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін де бірнеше рет мүліктік қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған екен. Одан әрі зардап шегушілер де оны айнытпай танығаны анық. Сөйтіп, қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Барлық әлем короновирустан сақтанудың жолдарын іздеп шалдығып жүрсе осындай арамза алаяқтар халықты алдаудың жеңіл жолына шығыпты.
ПЕТРОПАВЛ