Оқиға • Бүгін, 14:10

Италияда қазақ студентінің мәйіті табылды

1 мин
оқу үшін

Италияда оқып жүрген қазақ студент қаза тапты. Оның мәйіті елдің оңтүстігіндегі Вибо-Валентия провинциясына қарасты Бриатико қаласының жағалау жартастары арасынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Италияда қазақ студентінің мәйіті табылды

Фото: istockphoto.com

Марқұм Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі болған. Жақындарының әлеуметтік желіде жариялаған мәліметінше, отбасы оның мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жинап жатыр. Алдын ала есеп бойынша тасымалдау шығыны шамамен 8000 еуроны құрайды.

Италияндық БАҚ-тағы деректерге сәйкес, Бриатико жағалауында табылған ер адамның денесінде жартастарға соғылу салдарынан жарақаттар болған. Марқұмның жанынан ұялы телефон мен жеке заттары табылған.

Қарағандыдағы жатақханада 21 жастағы шетелдік студент көз жұмды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты мән-жайдың анықталып жатқандығын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігі мен Италияның құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Еліміздің дипломаттары марқұмның туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кеткені туралы қаралы хабар тараған еді. 

Соңғы жаңалықтар