Коронавирус • 11 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 12 адам вирус жұқтырған

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында бір тәулік ішінде тағы 12 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация алаңындағы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

Қызылорда: Тағы 12 адам вирус жұқтырған

– Жаңадан анықталған жағдайдың 9-ы Сырдария ауданындағы Амангелді ауылынан байқалып отыр. Тағы екі науқас Арал ауданынан шықты. Бұлар бұрын індетке шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандар. Осыған дейін індеттен іргесін аулақ салып келген Қазалы ауданында алғашқы оқиға тіркелді. Майдакөл ауылынан анықталған адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Бұл жаңадан табылған инфекция ошағы, – дейді облыстың бас дәрігері.

Бүгінгі күнге облыс бойынша вирус жұқтырғандар саны 116-ға жетті. Олармен байланысты болған 1227 тұрғын анықталды. Бас дәрігердің айтуынша Сырдария ауданындағы науқастар көп тіркелген Амангелді ауылы қазір карантинге жабылған. 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025