Фото: Ашық дереккөз
Тексеру нәтижесінде Toyota Hilux маркалы көлік құралына қағаз түрінде жасалған, сыртқы көрінісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне ұқсас жалған нөмір орнатылғаны белгілі болған.
1 шілдеден бастап электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі
Аталған дерек бойынша көлік жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәкес жауапкершілікке тартылып, көлік арнайы айыптұраққа қойылған.
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Полиция қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Жалған немесе заң талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану жауапкершілікке әкеп соғады.
Нұрболат АМАНБЕК