 
                                        Үшінші турда көш басында келе жатқан қос ойыншы – норвегиялық Магнус Карлсен мен америкалық Фабиано Каруана кездесті. Бұл бәсекеде 3:1 есебімен Скандинавия түбегінің түлегі жеңіске жетті. Келесі кездесу АҚШ-тың тағы бір өкілі Хикару Накамура мен Әлиреза Фируджа арасында өтіп, алғашқысының мерейі үстем болды – 3,5:0,5. Енді санаулы сағаттардан кейін Максим Вашье-Лаграв (Франция) мен Дин Лижэнь (Қытай) және Ян Непомнящий (Ресей) мен Аниш Гири (Нидерланд) шеберлік байқасады.
Басты бәсекелесінен басым түскен Магнус Карлсен жарыс кестесінде жеке-дара көш бастады. Оның еншісінде 8 ұпай бар. Хикару Накамура екінші орынға көтерілді. Ол 7 ұпайды олжалап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, екінші турда Магнус Карлсен Әлиреза Фируджиден, ал Хикару Накамура Аниша Гириден басым түсті. Бұл кездесулердің екеуінде де 2,5:1,5 есебі тіркелді. Ян Непомнящий Максим Вашье-Лавгравты 3:2 есебімен ұтты. Фабиано Каруана мен қытайлық Лижень Дин арасындағы тартыста дәл сондай есеппен алғашқысының пайдасына шешілді.
 
                             
                                 
                             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                