 
                                        Жарыстың кешкі бағдарламада екі кездесу ойналды. Бұл бәсекелерде франциялық Максим Вашье-Лаграв қытайлық Лижэнь Динге 2:3 есебімен есе жіберді. Ал нидерландтық Аниш Гири ресейлік Ян Непомнящийден ұтылды – 1,5:2,5.
Күндізгі бағдарламада норвегиялық Магнус Карлсен америкалық Фабиано Каруананы қапы қалдырды – 3:1. Келесі ойында АҚШ-тың тағы бір өкілі Хикару Накамура ирандық Әлиреза Фируджадан айласын асырды – 3,5:0,5.
Қазіргі кезде Магнус Карлсен жарыс кестесінде жеке-дара көш бастады. Оның еншісінде 8 ұпай бар. Екінші орында – Хикару Накамура. Ол 7 ұпайды олжалап отыр. Өзге шахматшылардың нәтижелері мынадай: Динде – 6, Вашье-Лаграв, Непомнящий, Каруанада – 5 және Фиружа мен Гириде – 0 ұпайдан.
 
                             
                                 
                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                