
2020 жылғы бірінші тоқсанда жеке өзі өндірген мұнайды ішкі нарыққа жеткізу көлемі 1 826 мың тоннаны құрады, соның ішінде мұнайды әрі қарай өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін 1 011 мың тонна көлеміндегі операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз және Қазақтүрікмұнай) шикі мұнайы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.