
Туристер тамашалайтын гүлденген қызғалдақтар алаңы Нидерландиядағы көрікті жерлердің бірі. Пандемия салдарынан биылғы жылы бұл елдегі қызғалдақтар, нарцисстер және гиацинт алқаптарын туристер тамашалай алмайды. Осы орайда «Бұл Сізге қуаныш сыйлайды. Сізге махаббат тілейміз!» деген сәлемін жеткізу үшін егістік иелері қызғалдақтарды алқаптарға ертерек отырғызған.