Спорт • 30 Сәуір, 2020

Велоспорт: «Астана» топ басында келеді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Джиро д'Италия» виртуалды веложарысының төртінші кезеңі өз мәресіне жетті. Онлайн доданың кезекті кезеңінде бақ сынаған «Астана» велокомандасының спортшылары Горка Исагирре мен Алекс Аранбуру алғашқы үштіктің қатарынан көрінді.

Велоспорт: «Астана» топ басында келеді

Төртінші кезеңде велоспортшылар биыл өтуі керек болған «Джиро д'Италия-2020» бәсекесінің 17-кезеңіндегі 25,9 шақырым қашықтықты компьютерге қосылған велостанокпен жүріп өтті. Бұл айналымда «Bahrain – McLaren» велоспортшылары жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Астана» өкілдері иеленсе, үздік үштікті «Jumbo-Visma» командасы түйіндеді.

Жалпы есепте қазақстандық команда көш бастап келеді. Екінші орында «Астанадан» 18,33 уақыт көрсеткішімен қалып келе жатқан «Bahrain – McLaren» болса, үшін орында Италия құрамасынан жиналған велоспортшылар келеді. Олар жерлестерімізден 20,33 минут артта келеді. Айта кетейік, жарыстың алғашқы кезеңінде Алексей Луценко жеңімпаз атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар

«Delta» тобы әшкереленді

Жемқорлық • Бүгін, 10:10

Елордаға LRT вагондары келді

Елорда • Бүгін, 10:05

Терісаққандағы тіршілік

Ауыл • Бүгін, 10:00

Қатыгез баланы не түзейді?

Мәселе • Бүгін, 09:55

Гранд-финалға жолдама

Білім • Бүгін, 09:50

Жазғы каникул көңілді

Балалар • Бүгін, 09:45