– Ғылымды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) жұмысын жаңғырту арқылы қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруды талап етеді. Өйткені ғалымдардан тұратын ҰҒК жобаларды іріктейді, ғылыми бағдарламаларды бағалайды, зерттеулердің мониторингін жүргізіп, қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Бұрын ҰҒК мүшелерін іріктеудің нақты рәсімі болмағандықтан, ғылыми ортада жекелеген кандидаттардың кеңес құрамына енгізілгеніне қатысты мәселелер жиі көтеріліп, жобаларды іріктеу жүйесіне деген сенімге селкеу түсті. Бұған қатысты көп дау-дамай да орын алды. Қазіргі таңда ҰҒК құрамы жаңарды, олардың мүшелеріне қойылатын талаптар да артты. Енді ҰҒК-ға кандидаттарды іріктеген кезде ғылыми қызметі нәтижелерінің сапасы мен қажеттілігі басты назарға алынады. Біріншіден, бұл өлшеуге болатын, сенім тудыратын көрсеткіштерге сүйенуге, екіншіден, ғылымның жекелеген саласының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек кандидат кеңес құрамына ұсыныла алмайтын жағдайлар да нақты тұжырымдалған, бұл ҰҒК-ті қалыптастыру кезінен бастап даудың туындауына жол бермейді. Түрлі мүдделі тараптар өкілдігінің реттелгені жобалардың жан-жақты қаралуын қамтамасыз етеді. Бұдан былай әрбір жобаны қараудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін ҰҒК мүшесінің саны да көбейеді, – деді министр.
Қоғам • 03 Мамыр, 2020
Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық ғылымның әлеуетін арттыру жөнінде берген сұхбатында осылай деді.
Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Президент • Кеше
Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді
Елорда • Кеше
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Кеше
Наурызнама • Кеше
Өнер • Кеше
Тарих • Кеше
Тәрбие • Кеше
Қоғам • Кеше
Мереке • Кеше
Тазалық – тәртіп пен береке бастауы
«Таза Қазақстан» • Кеше
Наурызнама • Кеше
Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше