Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (20-21 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 13:31