Білім • 22 Маусым, 2020

ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?

1342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше 6 206 адам ҰБТ нәтижелерін алды. Бұл туралы Egemen.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?

"Кеше 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. 144 талапкер ҰБТ-ға келмеген. 2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсырады. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар ережелерді ұстану міндеттемелерімен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды", - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылып, осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және ережелерді бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше